+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алма импортын алмастыру үшін 12,5 мың гектар алаңда бақ өсіріледі

2020 жылғы 16 наурыз 12:34
Бөлісіңіз:
Алма импортын алмастыру үшін 12,5 мың гектар алаңда бақ өсіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алма импортын алмастыру үшін 12,5 мың гектар алаңда бақ өсіріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алма өндіру көлемі соңғы 3 жыл ішінде 15 пайызға (188 мың тоннадан 216,5 мың тоннаға) ұлғайды. Отанымызда өндірілген алмамен қамтамасыз етілу көлемі 63 пайызды құрады. Алма импортын алмастыру үшін 2024 жылға қарай қосымша 12,5 мың гектар алаңда бақ өсірілетін болады, олар 105 мың тонна алма өндіруге мүмкіндік береді», - деді министрі Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Бұдан бөлек С. Омаров қант өнеркәсібін дамыту үшін қолдаудың жүйелі шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Қант қызылшасын өндіру 345 мың тоннадан 486 мың тоннаға дейін ұлғайды, түсімділік гектарына 285 центнерден 325 центнерге дейін өсті. Елімізде өндірілген қантпен қамтамасыз етілу көлемі 7 пайыздан 14 пайызға дейін өсті. Шикізат базасын дамыту жоспарлануда, бұл ретте қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейтуді қосымша суармалы жерлерді қалпына келтіру және солтүстік өңірлерде қант саласын дамыту есебінен жүзеге асыру көзделуде. Жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылып, Жамбыл мен Павлодар облыстарында жалпы қуаты жылына 216 мың тонна қант өндіретін 2 жаңа қант зауыты пайдалануға берілетін болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қай өнімдер импортталатынын айтты.

Сонымен қатар ведомство басшысы елімізде шамамен 5,8 млн тонна сүт өндірілгенімен, сүт зауыттарының жүктелуі қазір шамамен 65 пайызды құрап тұрғанын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT