Allianz Қазақстан мүлікті сақтандыру бойынша алымдарын алты есе көбейтті

None
None
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Allianz Қазақстан 2009 жылдың қорытындысы бойынша мүлікті ерікті сақтандырудан 5,4 миллиард теңгеден аса сыйақы жинады.

Бұл компанияның барлық жинаған сыйақыларының 78 пайызын құрайды. Соның нәтижесінде ол еліміздегі сақтандыру компанияларының алғашқы бестігіне еніп отыр, деп хабарлайды аталған компанияның баспасөз қызметі.

«2008 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы сақтандырудың осы түріндегі жиналған сыйақылар сомасы 6,4 есеге артты. Мұндай айтарлықтай өсімге, былтырғы жылы ірі корпоративті тұтынушылармен бірнеше сақтандыру шарттарына қол қою ықпал етті», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, бұл нәтиже Allianz Қазақстанға үстіміздегі жылдың басында мүлікті сақтандыру түрі бойынша сақтандыру сыйақыларын жинауда екінші орынға көтерілуіне және сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемі жағынан отандық көшбасшы сақтандыру компанияларының бестігіне енуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар