Алкоголь өнімі тек есепке алу-бақылаудың қағаз маркаларымен таңбаланатын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алкоголь өнімі тек есепке алу-бақылаудың қағаз маркаларымен таңбаланатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таңбаланған темекі өнімдерін бөлшек саудаға салатын дүкендер үшін жұмыс жеңілдетіледі. Жаңа қағидадар жобасы ашық талқылау үшін орналастырылған.

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті, оның барысында алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау ілкі жобасы бойынша мәселелер қаралды.

Нәтижесінде, бөлшек сауда сатушылары үшін таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс істеудің бизнес-процестерін жеңілдету туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс істеу бөлігінде бөлшек сауда сатушылары үшін бизнес-процестерді жеңілдету бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрықтың жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасымен «Ашық НҚА» интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сондай-ақ, алкоголь өнімін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты аяқтау және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, бақылау салықтық және азаматтық бақылау жолымен жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар