+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев қызметкері жемқорлыққа ұрынған басшы жұмыстан қалай кететінін түсіндірді

2019 жылғы 6 желтоқсан 17:43
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев қызметкері жемқорлыққа ұрынған басшы жұмыстан қалай кететінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлыққа ұрынған шенеуніктердің қызметін доғаруға өтініш беру шарттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың 4 ауданының әкімі Open space форматында жұмыс істейді Нұрлан Қыдырбаев: Жемқорлар өз әрекеттерінің немен аяқталатынын  жете түсіне бермейді Елорданың жемқорлықпен күрес органдары 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды

«26 қарашада Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңа толықтырулар пакетіне қол қойғанын білесіздер. Ең көп талқыланған мәселенің бірі – бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаған жағдайда саяси қызметшінің қызметтен кетуі. Осы ретте кейбір маңызды тұстарды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, саяси мемлекеттік қызметшілер деген кім? Ол – Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін министрлер, оның орынбасарлары, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, олардың орынбасарлары, аудан әкімдері», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

А.Шпекбаевтың атап өтуінше, саяси басшының өз қызметін доғаруға өтініш беруінің басты шарты – оған тікелей бағынышты қызметкерге қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болуы немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің қабылдануы (амнистия, шынайы өкіну, тараптардың татуласуы және т.б). Басшының жұмыстан кетуге өтініш беретін мерзімі – 10 күнтізбелік күн. Екінші шарт – тікелей бағынышты қызметкер жасаған қылмыстың басшының саяси лауазымға тағайындалған күнінен бастап 3 ай өткеннен кейін жасалуы.

«Дұрыс түсіну үшін «тікелей бағынышты» терминін түсіндіре кетейін. Орталық мемлекеттік органның басшысы үшін – ол оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, территориялық бөлімшелердің басшылары. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері үшін – олардың орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі. Орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары үшін (мысалы, вице-министр) – олар басшылық ететін ведомствоның немесе дербес құрылымдық бөлімшелердің (департамент, басқарма) басшылары. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдерінің орынбасарлары үшін – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын олар басшылық жасайтын атқарушы органдардың басшылары. Аудан әкімі үшін – орынбасарлары, аппарат басшысы, тікелей басшылық жасайтын аудандық атқарушы органдардың басшылары, ауыл, кент, ауылдық окургтардың әкімдері», - деді агенттік басшысы.

Оның жазуынша, «қызметтен кету» түсінігі тек саяси қызметшілерге қатысты қолданылады. Жұмыстан кетуді қабылдау немесе қабылдамау – саяси мемлекеттік қызметшіні тағайындаған тұлғаның құзіреті. Яғни, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері үшін – Президент, вице-министрлер үшін – Премьер-Министр, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің орынбасарлары үшін – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері.

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын басшылар - жауапты хатшылар, аппарат басшылары, орталық мемлекеттік орган комитеттерінің төрағалары және оның орынбасарлары, департаменттер мен дербес басқарма басшылары осыған ұқсас жағдайларда жұмыстан босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ тәртіптік санкциялар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік субъектілер басшыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін енгізіледі. Мұндағы мәселе ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды өз міндетінде жүйелі түрде елемеуге қатысты болып отыр. Біздің міндетіміз – басшыларды өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен және ескертумен сөз жүзінде емес, іс жүзінде айналысуға мәжбүрлеу», - деді А.Шпекбаев.

Агенттік басшысының атап өтуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңа толықтырулар 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Бұл қосымшалар Елбасы мен Президенттің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған жүйелі және көреген саясатының жемісі. Олардың құқық қолдану тәжірибесінде жаңашылдығын ескере отырып, алдағы уақытта стандартқа сәйкес емес түрлі жағдайлар орын алуы ықтимал. Біз оны сот органдарымен және прокуратурамен бірлесіп егжей-тегжейлі зерделейміз», -деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT