Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев аталған федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілдер келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі қаралған болатын. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

Сонымен қатар, жиын барысында жаңа сайланған президент Алик Шпекбаев 27 елден келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бұл ұсынысты да қолдады.

Сондай-ақ, федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.

Фото: neonomad.kz

Соңғы жаңалықтар