Алик Шпекбаев ашық әкім кабинетінің қандай болатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев еліміздегі ашық әкімдік жұмысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір әкімдік ғимараттары Кеңес заманында салынған, оларды қайта өзгерту мүмкін емес. Егер жаңадан салынған ғимарат болса, оның ашық әрі қолжетімді болуы міндетті. Мен Алматыда болдым, бәрі де қолжетімді. Әкімдіктің бірінші қабатында қызметкерлер ашық кабинетте отыр. Уақыт өте келе барлығы да соған көшеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы жаңару жұмыстары жалғасын табады. Қазіргі уақытта біраз жұмыс істелінді, бүгінде 1400 ұйым «Open space» форматына көшіп, ел игілігі үшін 900 фронт кеңсе ашылды», - деді А. Шпекбаев тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қаладағы бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.


Соңғы жаңалықтар