Әлихан Смайылов: Тауарларды таңбалауда көш соңында қалуға болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов тауарларды таңбалау арқылы контрафакт өнімдері анықталып, адал бәсекелестік үшін тең жағдай жасалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу - Еуразиялық экономикалық одақтың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерінің бірі. Ресей тарапы таңбалауды өз аумағында белсенді қолданады. Бұл тауарлардың кең спектрі – темекі, аяқ киім, дәрі-дәрмектер, фотоаппараттар, автошиналар, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, иіс сулар, сүт өнімдері. Таңбалау арқылы контрафакт өнімді анықтау адал бәсекелестік үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді. Таңбалауды енгізу бойынша көш соңында қалуға болмайды», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша бұл көштен қалу өнеркәсіп салалары үшін үлкен қауіп тудырады. Ресейлік нарыққа арналған таңбаланбаған өнімдер біздің нарыққа төмен бағамен көп көлемде келуі мүмкін.

«Мұндай жағдай ішкі нарықта қазақстандық өндірушілерді өз нарығынан ығыстырып шығару қауіпі бар. Және Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінің нарықтарына экспорттау мәселесі қиындайды. Осыған байланысты, елімізде тауарлар номенклатурасын кеңейтудің түсінікті алгоритмімен таңбалауды енгізу жөніндегі жұмысты белсенді жүргізу керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар