Әлихан Смайылов Президенттік сынақ пен көпсайыс федерациялар одағын басқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар одағының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өткен одақтың кезектен тыс отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа сайланған одақ президентіне қызметте сәттілік тілеп, аталған одақтың жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды. Президенттік тестілердің ұлт денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына шақыруда аса маңызды екенін жеткізді.

«2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Елбасының тестілерін тапсырудың екінші тоқсанына елімізде 3 463 690 адам қатысып, оның ішінде 49387 адам Президентік деңгейдегі нормативтерді, 145 222 адам ұлттық деңгейдегі нормативтерді орындады. Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар одағы осылайша жоғары нәтижелермен «Б» тобына енді», - деді министр Әлихан Смайыловты құттықтай отырып.

Өз кезегінде Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының халықтың денсаулығын жақсартуға өз Жолдауында аса зор көңіл бөлгенін атап өтті.

«Ол үшін бұқаралық спортты ары қарай дамытуымыз керек. Еліміздегі әрбір азаматтың өз денсаулығы үшін спортпен айналысқаны өте маңызды. Бұқаралық спорт түрлері пирамида іспеттес болуы тиіс. Ең жоғарғы шыңында чемпиондар тұрса, кейін белсенді әрі сау жастар тұруы тиіс. Ұлтымыз мықты болуы керек. Бүкіл халық үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болғаны дұрыс», - деді Әлихан Смайылов елорданың «Сарыарқа» велогтрегінде өткен одақтың кезектен тыс отырысында.

Соңғы жаңалықтар