Әлихан Смайылов өңірлердегі тұрақтандыру қорының тиімділігі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов аймақтардағы тұрақтандыру қорының тиімділігін пайдалануға, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі маңызды мәселелелердің бірі – азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығын сақтау. Өкінішке қарай, бұған дейін айтылғанындай, өткен жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттады, атап айтқанда 9,6 пайызға көтерілді. Бұл жағдай әлбетте, азаматтардың сатып алу мүмкіндігіне ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда бағаның өсіміне жол бермейтіндей жүйелі әрі нақты шараларды қабылдау керек», - деді Ә.Смайылов елордада өткен Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген отырысында.

Мәселені шешу үшін Қаржы министрі өңірлерде азық-түлік өнімдерін сақтау және сату бойынша көтерме-тарату орталықтарын құруға болатынын айтып өтті.

«Нәтижеге қол жеткізу керек. Сол себепті, министрлік әкімдіктермен бірлесіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек. Аймақтардағы тұрақтандыру қорларының жұмыс тиімділігін көтеру жұмысы жеткілікті деңгейде белсенді болмай тұр. Әкімдіктер өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрлігімен ауыл шаруашылығы өнімдері нарығы бойынша міндеттерді нақты бөліп алуы керек. Егер ауыл шаруашылығы өндірушілер мемлекеттен қолдау болса, белгілі бір тауарларды олар ішкі нарықта қолжетімді бағамен беруі керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар