Әлихан Смайылов меморгандарға спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар маманданған спикерлердің сапалы пулын құруы тиіс. Мұндай тапсырманы ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру үшін ашық ақпараттық кеңістікті дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желілер мен блогосфераның рөлін ескеру маңызды екенін түсінуіміз керек. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, журналистер биліктің барлық тармағы жұмысының тиімділігін арттыра алады», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы бұл ретте баспасөзбен бірлесе жұмыс жүргізуге нақты қадамдар жасау қажеттігін баса айтты.

«Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ведомстволардың салалық қызметіне маманданған спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырамын. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар