Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай жатқан министрліктерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ведомстволардың ішінде бюджет қаражатын игере алмай жатқандардың басында - Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смаиыловтың айтуынша, жергілікті бюджеттердің өз кірістері 174 млрд теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд теңгені құрап отыр. Барлық өңірде кірістердің жоспары артығымен орындалған. Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5 пайызға, республикалық 97,1 пайызға, жергілікті бюджеттер 96,9 пайызға атқарылған.

«Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 102 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі – үнемделген қаржы. Ал игерілмеген сома 52 млрд теңге. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге төмен», - деді ол.

Әлихан Смаиылов ең ірі игерілмеу сомалары келесі Ұлттық экономика (15,6 млрд теңге), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (8,3 млрд теңге), Білім және ғылым (4,7 млрд теңге), Әділет (4,6 млрд теңге), Мәдениет және спорт (4,2 млрд теңге), Ішкі істер (3,3 млрд теңге) министрліктерінде қордаланғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар