Әлихан Смайылов балаларды мерекемен құттықтады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Биыл бұл мерекенің қазақстандық балалар мен ата-аналар үшін ерекше мәні бар. Өйткені, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Барлық кішкентай балғындарымызды осы шуақты мерекемен құттықтаймыз. Жазғы демалыстары жақсы әрі қызықты өтсін. Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтарын қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысы барысында.

Қазіргі уақытта Үкімет отырысында балалар жылын өткізу мәселесі қаралып жатыр. Онда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аталған мәселе бойынша баяндама жасауда.


Соңғы жаңалықтар