Әлихан Смайылов агломерацияларды дамыту туралы заң жобасы не үшін керектігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов агломерацияларды дамыту туралы заң жобасы не үшін керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде дамыған елдердің экономикасында ірі қалалардың, мегаполистердің орны ерекше. Әлемдегі ішкі өнімнің жартысы ең 300 ірі агломерацияға тиесілі. Ал бұл қалаларда жер бетіндегі халықтың 20 пайызы тұрады. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай халықтың үштен екісі қалаларда тұратын болады. Басқаша айтсақ, қаладағы халық санын 2,5 млрд адам толықтырады. Осылайша, шешім қабылдау мен ғылымның, технологиялардың орталығы әлемдегі 200 мемлекет емес, 600 ірі мегаполис болады. Халықаралық трендтерді ескерсек, Қазақстанның ірі қалалары да жаһандық маңыздағы қалаға айна л уға талпынуы керек. Сондықтан Мемлекет басшысы ірі қалаларды кешенді дамыту туралы тапсырма берді», - деді ол Үкімет үйінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталмыш заң жобасы агломерацияға кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы қатынастарды реттейді.

«Қалалардың, агломерация орталықтарының өкілеті кеңейтіледі. Агломерацияларды дамыту мәселесі – қала мен облыс арасындағы бюджетаралық қатынастар мәселесі, қаржы нарықтарының өзере әрекет мәселесі, қала құрылысы, сәулет, жер қатынастары мәселесі, экология және транспорт мәселесі. Осы мәселелердің бәрі агломерацияларды дамыту туралы заң жобасында көрініс табады. Оны дайындауға отандық та, шетелдік те сарапшылар, бірінші кезекте Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылып отыр», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар