+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Әлихан Смайылов 2 облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс беруді ұсынды

2021 жылғы 12 сәуір 10:53
Бөлісіңіз:
Әлихан Смайылов 2 облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс беруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші тоқсандықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында орын алды. Осыған байланысты, осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлына және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлына қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын», - деді Әлихан Смайылов Премьер-Министр Асқар Маминге.

Сонымен қатар ол 2021 жылыдң 1-тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісітерінің шамалы өсу қарқыны бар екендігін айтты.

«Бұған негізінен жергілікті бюджет кірістерінің өсуі әсер етеді. Есептік деректер жергілікті бюджеттердің кассалық қалдықтары айдан айға ұлғайып келе жатқанын көрсетеді. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға проблемалық мәселелерді біріншіден, жергілікті бюджет есебінен жабу қажет деп санаймын. Бюджет қаражатын игеру бойынша ахуалдың жақсарғаны орталық мемлекеттік органдарды да, жергілікті мемлекеттік органдарды да босаңсытпауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы өткізу және экономиканы қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру өзекті болып табылады. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша шаралар уақтылы қабылдануы қажет», - деді бірінші вице-премьер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT