Алихан Байменов: Пандемиямен күресте мемлекеттік аппарат шешуші рөл атқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана мемлекеттік қызмет хабы және жаһандық Whiteshield Partners консалтинг компаниясы бірлесіп ұйымдастырған «Covid-19 дағдарысына шұғыл жауап беру: ахуалдан шығу және қайта қалпына келтірудің біртұтас елдік тәсілі» онлайн-вебинарын өткізді. Онда пандемияға қарсы әрекет етудің заманауи озық әдістерін әлемнің 17 елінен 500-ден астам сарапшы, ғалымдар мен үкімет өкілдері талқылады.

Түрлі локдаун сценарийлерін модельдеу, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге сәйкес дағдарысқа қарсы тиісті шараларды жоспарлау бойынша Whiteshield Partners-тің инновациялық әдістемесі талқылау тақырыбына айналды.

Семинарды аша отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов: «Пандемия және одан кейінгі жаңа кезең мемлекеттік басқару сапасына жоғары талаптар қояды. Елдердің пандемия сынақтарына шұғыл жауап қайтару және қайта қалпына келтіру шаралары бойынша неғұрлым тиімді жолдар іздестіруде де мемлекеттік басқарудың бүгінгі шешуші рөлі айқын», - деді. Ол: «Мұның басты факторы - азаматтардың сенімі. Бұл - һәм әлеуметтік құндылық, һәм тиімді әкімшілік капитал», - екенін алға тартты.

Whiteshield Partners серіктесі және директоры Энтони О'Салливан өз сөзінде дағдарысқа қарсы әрекет ету қажеттілігіне және бұл түрлі инновацияларды инвестициялау арқылы ғана мүмкін екендігіне назар аудартты. Өз кезегінде Whiteshield Partners компаниясының жаһандық басқарушы серіктесі әрі тең құрылтайшысы Фади Фарра дағдарысқа қарсы бірыңғай кешенді көзқарас қалыптастыру үшін алдыңғы шептегі басты мамандар мен шешуші сарапшылар арасында бірлескен одақ құруға шақырды. Ол: «Қарсы тұруда кідіруге болмайды, өткені, бюрократияға орын жоқтығын» атап өтті.

Сонымен қатар, семинарға Польшаның қаржы экс-министрі, ЭЫДҰ және ЕО-тағы бұрынғы елшісі, қазіргі Whiteshield Partners директоры Павел Войцеховский, белгілі экономист, ЕҚДБ 2015-2019 жж. бас экономисті, Париждегі Саяси зерттеу институтының экономика профессоры Сергей Гуриев, сонымен қатар Француз Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология және биостатистика профессоры Паскаль Крепи қатысты.

Павел Войцеховский пандемиямен күрес ауқымында түрлі кезеңдерді, үш өлшемдік, әлеуметтік-экономикалық аспектілерді қарастырудың, біртұтас тәсілмедеменің болуы маңыздылығына тоқталды. Ол қайта локдаунды болдырмау үшін модельдеудің дәстүрлі емес тәсілін және молекулалық деңгейде терең талдауды қолданатын осы бағдарламаны пайдалану пайдасы туралы айтты.

Профессор Гуриев «пандемиямен күресте адал және тиімді қызмет ететін, сол арқылы азаматтардың мемлекетке сенімін арттыратын, жұмысы мығым мемлекеттік аппарат шешуші рөлге ие» екендігін жеткізді. Ол үкіметтердің қабылдаған нақты шараларына тоқтала отырып, «көптеген еуразиялық елдер салық реформасы туралы, жаңа салықтарды енгізу, салықтарды өсіру туралы ойлайтындығын, бірақ қазір жаңа салық енгізетін уақыт еместігін» атап өтті. «Артық ақша тапшы кезде адамдарға қолдарынан келгенше ақша табуға мүмкіндік беру керек, сондықтан, бизнес үшін реттеуші тосқауылдарды алып тастау маңызды», - деді Гуриев.

Вебинар аясында СOVID-19-ға қарсы шұғыл әрекет етуге бағытталған инновациялық «Navigator» бағдарлама-қосымшасы таныстырылды. Ол экономикалық және эпидемиологиялық модельдерге, әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдауға және дағдарыс сценарийлерін жоспарлауға негізделген. Сондай-ақ, ғылым, икемді басқару және әлеуетті арттыру арқылы күнделікті әсер ететін «Жылдам әрекет ету тобы» тәсілі ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар