«Әлібек қорықпа»: Елордалық полицейлер терезе алдындағы сәбиді құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада төртінші қабаттағы пәтердің ашық тұрған терезесінің жақтауына шығып кеткен сәби құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындарының бірі 102 нөміріне қоңырау шалып, Е-16 көшесі бойындағы тұрғын үй пәтерінің бірінде ашық тұрған терезеге кішкентай бала шығып алғанын, жылап анасын шақыратындығын және оның құлап кету қаупі бар екендігін хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілген. Полиция капитаны Әділет Далабаев пен аға лейтенант Әуелхан Мұталхан 4-ші қабаттағы пәтерді бірден тапқанымен есігі сыртынан жабық болған.

«Олар баланы сөзге айналдырып, пәтердің ішіне кіргізе алды және есіктің сыртынан сәбимен сөйлесіп, көңілін аулауға тырысқан. 6 жасар бала үйде жалғыз қалған әрі өте қорқатындығын айтқан. Осы уақытта полиция қызметкерлері пәтердің жалға берілгендігін анықтап, қожайынына қоңырау шалған. Олар дереу жетіп, есікті ашып беруін өтінеді. Пәтерге кірген полиция қызметкерлері баланың дін-аман екендігіне көз жеткізгеннен кейін осы уақытта үйіне қарай асығып келе жатқан анасын күтті. Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды. Оларға баланы алдағы уақытта жалғыз қалдырмау туралы ескерту жасалды»,- деп атап өтеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар