+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Alibaba-ға «Алтын жеткізуші» ретінде қазақстандық 100 компания тіркеледі

2020 жылғы 18 ақпан 10:56
Бөлісіңіз:
Alibaba-ға «Алтын жеткізуші» ретінде қазақстандық 100 компания тіркеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Alibaba халықаралық платформасына «Алтын жеткізуші» ретінде қазақстандық 100 компания тіркеледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың өршуі долларға қалай әсер етті – Ұлттық банк Қазақстан Беларусь әмбебап тауар биржасы арқылы экспортты ұлғайтпақшы Бәсекелі ортаға 650 млрд теңге бағыттадық – Есімов отандық өндірушілерді қолдау жайлы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Электрондық сауда алаңдарында бизнесті жүргізудің практикалық әдісіне 200 қатысушы оқытылды. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерге интернет-платформаларда ілгерілету бойынша тікелей қолдау көрсетілді. Мәселен, Alibaba халықаралық платформасына «Алтын жеткізуші» ретінде тіркеу үшін 50 компания іріктелді. Бұл премиалды мәртебесі жаһандық аудиторияға қолжетімділікті, маркетинг ішінде кешенді ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жылдың аяғына дейін біз тағы 50 компанияға осындай жәрдем көрсетуді жоспарлап отырмыз«, - деді министр.

Оның айтуынша, Alibaba халықаралық платформасына алғашқы іріктеуге іліккен қазақстандық 50 бизнестің 22-сі тіркеліп үлгерген. Олар биылғы жылы қазақстандық өнімді жалпы 28 млн доллар сомаға сатуды, қосымша 83 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

»Жалпы, 2019 жылы электрондық сауда арқылы қазақстандық тауарлардың экспорты қарқынды өсіп, 5 млн долларды құрады. Бұл жетістіктерді әрі қарай арттыру үшін экспорттаушылардың шығындарын өтеу ережесінің 2-пакеті аясында электрондық сауда алаңдарында тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалған шығындардың 60 пайызға дейін төлем түрінде қолдау ұсынылды«, - деді ол.

Бақыт Сұлтанов Қазақстанға халықаралық платформалар тарту жөнінде шаралар қабылданғанын атап өтті. Өткен жылы министрлік «Wildberries» халықаралық компаниясымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойғанын еске салды.

«Оның негізгі мақсаты – аталған платформа арқылы қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құру және дамыту. Wildberries компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып тіркелді. Бұл инвестор ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға толық мүмкіндіктерді береді. Бүгінгі таңда 21 қазақстандық компания Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения сияқты бағыттар бойынша осы платформадағы тауардың 594 түрін сатады. Алдағы уақытта сату географиясы Еуропалық одақ елдеріне кеңейтіледі.», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT