+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Әли Бектаев «Рухани жаңғыру» жайлы: Прагматизм өзімізден басталуы керек

2020 жылғы 5 ақпан 18:12
Бөлісіңіз:
Әли Бектаев «Рухани жаңғыру» жайлы: Прагматизм өзімізден басталуы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалғасын тапқан жобаларға жан-жақты мән берілуі тиіс. Бұндай пікірді Парламент Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Әли Бектаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көрісу мерекесінің тәрбиелік мән-маңызы да ерекше – тарихшы Саялбек Ғиззатов

«Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде шынында да, біршама жұмыстар қолға алынып, нақты жобалар іске асырылып жатыр. Қаншама кітап қазақ тіліне аударылды, оқырманға жетті. Кәсіпкерлер де бағдарламаға белсенді атсалыса бастады. Әйтсе де, әлі де «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ұлт болып, халық болып, әсіресе жастар атсалысып жатса – құба-құп болар еді. Сонда ғана біз рухани жаңғырудың биігіне шыға аламыз, бағдарламаның пәрменді шараларын атқаруға қол жеткіземіз. Бұл әрбір азаматтың санасының өзгеруіне байланысты. Себебі, прагматизм дегеніміз – біздің ұлттық құндылықтарымыз бен байлығымызға өте үлкен жауапкершілікпен қарау деген сөз. Егер өзінің отбасына, тіршілігіне, дүниесіне жауапкершілікпен қарай алмаса ол мемлекеттің де байлығына жауапкершілікпен қарай алмайды. Сондықтан, біздің санамыздағы ең басты мәселе – өзіміздің отбасымыздан басталған құндылықтарымызды жөндеу», - деді Әли Бектаев Ұлттық комиссия отырысынан кейін тілшілерге.

Сенатордың айтуынша, қазір әрбір адам тапқан табысын, жеткен жетістігін міндет қылмай, өзінің отбасына, балаларының тәрбиесіне, мемлекет пен тәуелсіздік құндылықтарын арттыруға қызмет етуі керек.

«Бүгінгі таңда біздің ұлттық байлығымыз – тәуелсіздік. Міне, біз осыны сақтаймыз десек, өзімізге өте үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Прагматизм өзімізден басталуы керек. Яғни, мемлекетімізге жанашырлық таныту үшін ең алдымен, ұрпаққа, жастарға жанашырлық танытуға тиіспіз. Біздің мемлекеттік органдардың тарапынан да сананы өзгерту, рухани жаңғыру, сананың жаңғыруын мектептен, балабақшадан бастаса, өте орынды болар деп есептеймін», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлттық комиссия отырысы өтіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бағдарламаның 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таныстырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT