Алғыс айту күні әлемнің бірқатар елінде бар - Князь Мирзоев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алғыс айту күні әлемнің бірқатар елінде бар. Бұл туралы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны керек, көктемнің алғашқы күні «рақмет» сөзімен басталады. 1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Алғыс айту күні, бұған қоса, көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Ұлы далаға қоныс аударған өзге этнос өкілдері қазақ халқына шыдамдылық танытып, қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтады», – дейді «Барбанг» күрдтер қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 800-ден астам этномәдени бірлестік бар.

«Алғыс айту күні әлемнің көптеген елдерінде бар. Бұл дәстүр бізді одан әрі жақындастырып, халықтың бірігуіне септігін тигізеді. Бұл - өз Отанының нағыз ұлына айналған жандардың жалпыұлттық махаббат мерекесі іспеттес», – деді К. Мирзоев.

Айта кетейік , 2015 жылдың сәуір айында ҚХА 22-ші сессиясы мен ҚХА 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстанда Алғыс күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі.

Соңғы жаңалықтар