Алғашқы үкім: Алматыда қаңтар қырғынында қару-жарақ ұрлағандар 5 жылға сотталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.

«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды»,- хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар