Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адамдарға қандай жаза тағайындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тікұшақ арқылы зиянды зат шашу немесе бүкіләлемдік сөз байласу секілді әлеуметтік желіде әңгіме таратып, елді адастырғандарға полиция жазалай ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны да бұл сұрақ биыл тіпті өзекті болып кетті. Елде төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырда аяқталғалы бері біз әлеуметтік желідегі жұмысты күшейттік. Мұндай фактілер анықталып жатыр. Әрбір жағдай бойынша сараптама жүргізіліп, бұған дейін 86 қылмыстық іс қозғалды. Алты адам сотталды», - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша құқықтық жауапкершілік қылмыстық заңнамада айқын жазылған.

«Қылмыстық заңнамада бәрі нақты белгіленген. Ал жауапкершілік мәселесі қоғамға тигізген зиянына қарай беріледі», - деді Алексей Калайчиди.

Бұған дейін Алексей Калайчиди елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты 17 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді сондай-ақ Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар