Әлеуметтік желіде тілге қатысты балалар байқауы ұйымдастырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығы жасөспірімдер арасында байқау ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың мақсаты - тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту, барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау, оның сұлу әуезділігін бойымызға сіңіру, көркем де айшықты түрде бейнелеу, жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту.

Сонымен қатар, балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал ету болып отыр.

«Үміткер әлеуметтік желідегі тіркелген парақшаларында, қазақ тілінде, басқа авторлардың мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы шығармаларын немесе осы тақырыптағы өз поэзиялық туындысын бейнебаян жасап жатқа оқып, #tilqazyna, #tilulttynqazynasy деп тегтеуі керек», - деді орталықтан.

Қатысушыларға төмендегіше талаптар қойылады:

- Байқауға 7-12 жас аралығында балалар ғана қатыса алады.

- Оқылатын шығарма екі шумақтан, он екі жолдан аспауы міндетті.

Үміткер шығарманы (шығармасын) әлеуметтік желідегі өз парақшасында бейнебаян жасап оқып, Қазылар алқасы бағалау кезінде мына жәйттерді ескереді:

- шығарманы таңдауы, тақырыпқа сай келуі, көркем мазмұны;

- төл туындыға да осындай талаптар қойылады;

- шығарманы оқу кезіндегі әртістік шеберлігі;

- бейнебаянды түрлі техникалық тәсілдермен көркемдей алуы, қосымша музыкамен әрлеуі;

- шығарманың, төл туындының көрсетілген жолдан аспауы;

- парақшадағы бейнебаянды көрушілер саны.

Челлендж сипатындағы байқау жеңімпазы арнайы дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады.

Аян Бекенұлы


Соңғы жаңалықтар