Әлеуметтік желіде орнықты ойды насихаттаудың жолдары қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде орнықты ойды насихаттаудың жолдары қандай? Бұл сұраққа IX Азаматтық форум жұмысының тақырыптық сессиясында танымал блогер Нәсима Қорғанбекова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым мысал: әлеуметтік желіде отырған кезде адамдарға маска тағудың маңызы туралы жиі жазамыз. Мұны оқырманға қалай жеткізе білу керек? Вирусологтардан шексіз сұхбат алып, ғылыми тұрғыдан масканың тиімді екенін тынымсыз түсіндіре беруге болады. Тіпті өз сөзің дәлелді, дәйекті болу үшін BBC-дің оған қатысты зерттеуін де бөлісіп, көрсетуге мүмкіндік зор. Алайда ойлы және орнықты түрде осы пікір-пайымды түсіндіріп отырсаң, кейбір адам дұрыс қабылдамауы мүмкін. Алайда әлеуметтік желідегі жазбаңды «қыздар, бүгін күн шығып тұр, маска тағып бетті қорғамасақ, бетіміз пигменттеліп, терімізге қиын болатын болды» деп жазып едік – сол постымыздың біріне жазылушылар тарапынан назар қатты болды. Осыдан кейін масканың шынында да, пайдалы екенін басқа жолмен жеткізудің амал-әдістерін ойлап табуға тура келеді», - дейді Нәсима Қорғанбекова.

Блогердің айтуынша, маска таға жүріп, денсаулыққа қауіп төндірмей, сақтанып жүруге әбден болады.

«Мәселен дәл қазіргі уақытта масканы таға жүріп, соның арқасында тональды майдың курткама жағылып қалмайтынына көзім жетті. Әлбетте мен бұл туралы да жазармын. Тек сонда ғана кейбір адам қабылдап, жазғаныңды оқып, айтқаныңа құлақ асады. Көзімнің жеткені – ақпараттың көбінің «ас үйде қабылданатыны». Ас үйдегі адамға «қайдағы бір ұшақтың вирус тарататады екен» дегенін гөрі «маска бетіңізді ультракүлгінді сәуле мен күртеңізді тональды майдан қорғайды екен» деп жазғанын оқыған пайдалы», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар