Әлеуметтік сала басты назарда болады - саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Леся Қаратаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында әлеуметтік салаға баса назар аударылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Президент бүгін ұлықтау рәсімінде қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыруды, атап айтқанда баспанамен қамтып, табыстарды әділ бөлуді, оқытушылар мен дәрігерлердің мәртебесін көтеруді басты міндет етіп белгіледі. Сарапшының айтуынша, бұл стратегия халықтың талабынан туып отыр.

«Бұл тренд тек Қазақстанға ғана қатысты болып отырған жоқ. Бүкіл әлемде осылай. Осы мақсатқа жету үшін кең ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Аталған іс-қимылдар Қазақстан экономикасының ахуалын жақсартуға да қатысты. Шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылуда. Мұндағы басты міндет билік пен халықтың өзара ықпалдастығының жаңа форматтарын жасау, тиімді диалог құру болып отыр. Үкіметтің толықтай ашық қызмет жүргізуі, халық алдында есеп беруі аса маңызды болмақ», - дейді саясаттанушы.

Соңғы жаңалықтар