Әлеуметтік қызметтер порталы: Алғашқы тұрғынға қызмет көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік қызметтер порталын сынақтан өткізіп, іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕХӘҚ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар адам алғаш рет портал арқылы техникалық оңалту құралдарына тапсырыс беріп, оларды ала алды.

Елорда тұрғыны, 3-топтағы мүгедектігі бар Александр Ручкин Әлеуметтік қызмет көрсету порталына тері тазалағышқа тапсырыс беріп, өнім берушіні, өндірушіні және тауардың құнын өз бетінше таңдап алды. Электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы өтінімді ресімдеп, Александр тапсырыс берілген тауарды келесі күні ала алды.

«Мүгедектікті маған 2015 жылдың мамыр айында белгіледі. Бұрын өзіме тиесілі техникалық оңалту құралдарын алу үшін қоймаға баруға, ұзақ, тіпті кейде бірнеше ай күтуге тура келетін. Жыл басында мен Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосатынын білдім. Мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше ТОҚ таңдап, алуға болатынын маған әлеуметтік қорғау басқармасында айтты. Тапсырыс беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу қажеттігін түсіндірді. Бұл өте ыңғайлы. Ешқайда барудың және ұзақ күтудің қажеті жоқ», – деп атап өтті Александр Ручкин.

Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады. ТОҚ-тың қалған 31 түрі 2020 жылдың шілдесіне дейін кезең-кезеңмен енгізіледі. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.

Бүгінгі күні 492 ұйым тауар жеткізуге өтініш берді, 297 өнім беруші тіркелді. Олардың 283-і арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді, 14-і ТОҚ жеткізеді. Алушылардың 80%-ынан астамы ЭЦҚ-мен қамтамасыз етілген.


Соңғы жаңалықтар