Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдермен бірге «Біздің әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарындағы күн тәртібі» атты жаңа күн тәртібін қабылдады. Аталған ауқымды іс-қимыл жоспары азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. 2030 жылға дейін есептелген 17 Орнықты даму мақсаты мен 244 индикатор экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әл-ауқаттың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді», - деді Үкімет басшысы.
Асқар Маминнің атап өтуінше, қазіргі уақытта Үкімет жанында Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Оның басты міндеті - Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын алға жылжыту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Орнықты даму мақсаттары қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін 5 ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды және қызмет атқарады.
«Бүгінгі күні Орнықты даму мақсаттарының сапалы жетістігін қамтамасыз ету үшін және оларды мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге қазіргі уақытта Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде, оның шеңберінде халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар кешені қарастырылатын болады», - деді ҚР Премьер-Министрі.
- Ауылдық колледждер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қайта қаралады
- Шағын жинақты мектептердің педагогтары жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшіріледі
- 2025 жылға қарай 5 мың ауыл мектебіне жаңғырту жүргізу жоспарлануда
- Алексей Цой бес жылда салынатын медициналық нысандар туралы айтты
-
2025 жылға қарай қосымша 246 ауылдық елді мекенге газ тартылады
-
Елді мекендердерде медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 90 нысаны салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам