+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Әлеуметтік қашықтық ережесі 2022 жылға дейін сақталуы мүмкін - The Guardian

2020 жылғы 17 сәуір 22:56
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік қашықтық ережесі 2022 жылға дейін сақталуы мүмкін - The Guardian

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирустың қайта өртшіп кетпеуі үшін кейбір әлеуметтік шараларды 2022 жылға дейін сақтау қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл туралы ғалымдар айтты, деп жазады The Guardian.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус пневмониясы: Бір күнде 204 адам ауруға шалдығып, 4 науқас көз жұмды Елімізде 701 науқас коронавирустан жазылды Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма

«Science журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде ғалымдар бір реттік карантин коронавирусты жеңу үшін және Пандемияны толық бақылауға алу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін жазған. Вакцина табылмаса немесе COVID-19-ды емдеудің тиімді әдістері табылмаса, вирустың таралуы 2025 жылға дейін тоқтамауы мүмкін», - деп жазады басылым.

Гарвард университетінің эпидемиология профессоры Марк Липсичтің айтуынша, инфекция вирус жұқтыру қаупі бар адам барда тарала береді. Егер ұжымдық иммунитет болмаса, адамдардың көбі вирус жұқтыруы мүмкін.

«Үкіметтер халықты шектеу шараларын сатылап жұмсартып, жаңа жұқтыру жағдайларын бақылауға алуы мүмкін. Дегенмен, 70 жастан асқан адамдар мен ауруы бар адамдардың қашықтықты сақтауы, адамдар көп жүретін жерге бармауы секілді ережелер сақталуы тиіс. Егер вакцина немесе ем табылса, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі болмайды», - деп жазылған мақалада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT