Әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілген. Т ағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізілген.

Аталған жобаның жұмысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылы басталған.

Барлық оқулық жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылатынын айта кеткен жөн.

Осылайша бұл жоба қазақстандық студенттерге үздік әлемдік үлгілер негізінде оқуға мүмкіндік береді.

Яғни, студенттердің тарих және саясаттану, әлеуметтану және философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары саласындағы заманауи трендтерге сәйкес білім алуы үшін жағдай жасалған.

Оқулықтар 100kitap.kz және openu.kz сайттарында жарияланған.

Сонымен қатар аударылған оқулықтар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі видеокурстар әзірленіп, OpenU.kz порталында орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар