Әлемнің 130 елі «цифрлық салық» жобасына қолдау көрсетті – ЭЫДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 130 елі мен аумағы цифрлық корпорациялардың қызметіне ірі салық салатын және халықаралық компаниялардың салық төлеуден жалтаруын азайтатын реформаға қосылуға келісті. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Жоба осы ұйымның аясында құрылған болатын.

Жоба бойынша, біріншіден, корпорациялар пайда тапқан елде салық төлейді. Екіншіден, «салық айлақтарының» пайда болмас үшін барлық елдер үшін ең төменгі міндетті көрсеткіш — 15% енгізіледі.

«Бұл - амбицияға толы және инновация тұрғысынан жаһандық келісім. Бұл - бір ғасыр бойы салық саласындағы ең маңызды келісім. Келесі кезең - 10 шілдеде Венециядағы «Үлкен жиырмалықтың» кездесуі, онда қаржы министрлері құжатқа саяси қолдау көрсетуі керек», - деді Францияның қаржы министрі Брюно ле Мэр.

Жобамен жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілді; бүгінгі таңда ол мемлекеттік бюджеттерге коронакризистен кейін экономиканы қалпына келтіру үшін қосымша кірістерді қамтамасыз етудің өте уақтылы мүмкіндігі делінеді. Жаңа түсімдердің жалпы көлемі жыл сайын 150 миллиард долларға бағаланады.


Соңғы жаңалықтар