Әлемдік нарықта мұнай арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,34 долларға арзандап, баррелі 58,27 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,16 долларға төмендеп, бір баррелі 53,94 доллар болды.


Авторы Асхат Ахметбеков


Соңғы жаңалықтар