+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Әлемдік хит жазған Қазақстан тұрғынын жоғары оқу орнына ментор болуға шақырды

2021 жылғы 13 ақпан 10:13
Бөлісіңіз:
Әлемдік хит жазған Қазақстан тұрғынын жоғары оқу орнына ментор болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Торайғыров университетінде ашылатын ІТ-факультетіне Imanbek-ті цифрлық музыканың менторы болуға шақырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш жоғары оқу орнында ІТ-ден қосымша курстар әртүрлі мамандықта оқып жатқан студенттерге арналады.

Цифрлық дыбыс операторы, SMM, web-әзірлеуші, видеопродакшн, кескіндеме және дизайн сияқты қосымша мамандық алып шығудың жолы ашылды.

Imanbek Торайғыров университетіне цифрлық музыка менторы болуға шақырылған.

«Мысалы, Иманбек Зейкенов сияқты тасымалдау, қозғалыс және көлік құралдарын ұйымдастыру мамандығын оқисыз. Сонымен қатар цифрлық дыбыс операторы мамандығын қосымша меңгеруіңізге болады емесе өзіңіздің әуестігіңіз бойынша курс бітіріп алуға болады», - дейді жоғары оқу орнындағылар.

Торайғыров университетінің ректоры Мейрам Бегентаев Facebook-тегі парақшасында бакалавриатқа арналған қосымша білім бағдарламасының модулін жасауға көмектескен және жаңа майнордың менторы болуға келісім берген Imanbek-ке алғыс айтты.

Еске сала кетсек, «Грэмми» 63-музыкалық сыйлығының номинанты Imanbek YouTube желісіне SAINt JHN орындайтын Roses әнінің ремиксін салғаннан кейін әлемдік деңгейде танымал болды.

Видео 117 миллионнан астам қаралым жинап, U.S. Billboard Hot 100 рейтінгінде үздік үштікке кірді. Рэпер Карлос Сент-Джон оған осы ремикс үшін алғыс айтты. Видео @videogram_kaz-да жарияланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT