Әлемдік экономикада өсу байқалады - ХВҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік экономикада өсу үрдісі байқалады және бұл үрдіс келесі жылы да жалғаспақ. Аталған пікірді «Үлкен жиырмалық» жиынында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард білдірді, деп жазады ТАСС.

«Мен әлем көшбасшыларымен болған пікірталас кезінде әлемдік экономикалық жағдайлардың қалыпты күйге түсіп келе жатқандығын және бұл үрдістің алдағы жылда жалғасатындығы туралы айттым», - деп атап өтті К.Лагард.

Алайда Халықаралық валюта қорының басшысы әлемдік экономикадағы тәуекелдер мен қаржылық кемшіліктерге, өнімділіктің төмен болуына және теңсіздік жағдайының өсуіне қарсы шаралар қабылдау қажеттілігін ескертті. 

Соңғы жаңалықтар