Әлемдік діндер съезі 25 ел өнерпаздарының хор-концертімен аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі құрметіне гала-концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде алғаш рет бес құрлықтың 25 елінен 500 хор әртісі өнер көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз. Күні кеше «Астана Балет» төрінде өнерпаздар әлемдік және ұлттық шығармаларды орындады. Бүгін шетелдік әйгілі ұжымдар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің құрметіне арнап «Бейбітшілік және келісім» сарайында гала-концерт ұйымдастырды.

Гала-концертте Австралиядан келген «Resonanse of Birralle» хоры, Беларусь Мемлекеттік музыка академиясының хоры, Болгарияның «In Sacris», Грузияның «Ме Руставели», Мажарстанның «Budapesti Akademial Korustarsasaq» хоры, Шнитке атындағы Саратов облыстық филармониясының хоры, Үндістанның «АО Нага чойр», Индонезияның «Кордана Юз Чойр», Италияның «Коро дел Фриули Венеция Гиулия», Қазақ ұлттық өнер университетінің аралас хоры, ТҮРКСОЙ және тағы басқа хор ұжымдары өнерін паш етті. Сонымен қатар, солистерден қазақстандық Азамат Жылтыргөзов, Артур Габдиев, Шахризада Тыныштық, сондай-ақ  арнайы келген америкалық Амикаэллла Гастон мен Пол Дэниэлс ән шырқады. Хорға жетекшілік еткен республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы, дирижер Руслан Баймұрзин мен Мажарстанның Еңбек сіңірген әртісі Габор Холлерунгтің өнеріне зал тік тұрып қошемет қылды.
null null

null  null null 

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі Астанада 10-11 қазан күндері өтті. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысты.
null 

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев шараны қорытындылады. Съез соңында декларациясы қабылданды.

null null 

Соңғы жаңалықтар