Әлемдегі эпидахуал: Коронавирус тек Азияның оңтүстік-шығыс аймағында бәсеңдеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл әлемде тек оңтүстік-шығыс Азия аймағында коронавирус инфекциясының таралу деңгейінің бәсеңдегені байқалады. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәліметті айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді шарпыды. Медициналық көмектің қолжетімділігіне, қабылданған карантин шараларына, халықтың сақтық шараларын сақтауына қарай індеттің қарқыны әлемнің әртүрлі елдерінде әрқилы сипатта таралуда. Бүгінгі таңда әлемнің 220 елінде коронавирус инфекциясын 95 миллион адам жұқтырған. 2 миллионға жуық азамат көз жұмып, індеттен келген өлімнің әлемдік көрсеткіші 2,1 пайызды құрайды. Америка, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Африкада халықтың індетті жұқтыру көрсеткіші әлі де жалғасуда. Еуропада, батысқа қарай Жерорта теңізі аймағында да індеттің бетін қайтарлық түрі жоқ. Коронавирустың бәсеңдеу жағдайы тек оңтүстік-шығыс Азия аймағында байқалады», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша коронавирустың таралуы жағынан Қазақстан «сары» аймақта тұр.

««Сары» аймақта сонымен қатар Түркия бар. «Қызыл» аймақта Украина, РФ, Беларусь, Германия, Италия, Франция, БАӘ бар. Оңтүстік Корея мен Сингапур «жасыл» аймақта», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар