Әлемдегі ең улы жылан шаққан бозбала аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР-да демалып жүрген 12 жастағы жасөспірімді мозамбиялық кобра шақты. Бұл туралы сәрсенбі, 28 желтоқсан күні The Daily Mirror жазды.

Джейк Тейлор (Jake Taylor) отбасы және достарымен Квазулу-Натал провинциясында болған. Баланың анасының айтуынша,  қалың ұйқыда жатқан кезінде жылан шаққан. «Ол иығындағы ауырлықты сезінгесін оянып кеткен. Көзін ашса, қолында кобраны көрген. Түйсігі іске қосылып, кереуетіндегі жыланды лақтырып жіберген», - деді зардап шегушінің анасы.

Тейлорды жергілікті ауруханалардың біріне жеткізіп, балаға алғашқы жәрдем көрсетілді. Жылан оның денесіне тек бір азуын тигізіп үлгерген. Жағдайының жақсы болғанына қарамастан, дәрігерлер жылан шағуының ықтимал зиянды әсерлерін анықтауға бес күн қажет екендігін айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар