Әлемдегі ең улы өрмекші шаққан 10 жасар бала аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда 10 жасар ұлдың әлемдегі ең улы саналатын - сиднейлік өрмекші шағып алды, медицина мамандары баланың өміріне араша бола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Беркли Вейл қалашығында болды.  Мэтью Митчел әкесіне сарайды ретке келтіруге көмектесіп жатқан, кенеттен, саусағы ауырып кеткенін сезген. Одан кейін баланың тұла-бойы тырысып, аузынан көпірік шыға бастаған.

Әкесі баланы дереу жергілікті госпитальға жеткізіп, оған уға қарсы 12 инъекция жасалған. Журналистердің айтуынша, уға қарсы дәрі-дәрмектердің мөлшері үш есе артық берілген, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Оқиға орнында табылған өрмекші Австралияның бауырымен жорғалаушылар паркіне жіберілді.

Парк директоры мұндай өрмекшінің уынан кейін тірі қалу екіталай екендігін айтып, Мэтьюдің бағы барын атап өтті.

 

Фото: © REUTERS/ Kai Pfaffenbach

Соңғы жаңалықтар