Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джефф Безос ғарышқа ұшты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Amazon компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джефф Безос New Shepard кемесімен ғарышқа ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

New Shepard ғарыш кемесін Джефф Безостің жеке компаниясы Blue Origin құрастырған.

ВТОРNew Shepard капсулалы ракетасы жергілікті уақытпен сағат 09:10-да Техастың батысындағы Безостың жеке ғарыш айлағынан ұшырылды. Одан кейін әуе кемесі зымыран тасығыштан бөлініп 100 км биіктікке көтерілді.

Сосын кеменің жылжымалы таяқты капсуласы жерге сәтті қонды.

Жалпы ұшу уақыты 11 минутты құрады.

Безос мінген кеме жақында ғана ғарышқа сапар жасаған британдық миллиардер Ричард Брэнсоннан жоғары ұшқан. Егер Virgin Galactic компаниясының Unity кемесі Жерден 90 км биіктікке көтерілсе, New Shepard 106 км ұшқан.

Еске салсақ, 11 шілдеде британдық миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа сапар шегіп, өзінің әсерімен бөліскен еді.



Соңғы жаңалықтар