Әлемдегі барлық азық-түліктің үштен бірі қоқыс жәшігіне тасталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДАБ) деректері бойынша, ғаламшардағы барлық азық-түліктің үштен бірі қоқыс жәшігіне тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ғаламдық экономика осының салдарынан жыл сайын шамамен триллон доллар жоғалтады.

Әсіресе, тағамдарды молынан қоятын мерекелік күндердегі дастархандарда ысырапқы жол беріліп келеді. Ал ас қалдықтары қоқыс төгетін жәшіктерге тасталады.

ДАБ қызметкерлері мейрамханалар мен дүкендерді, сондай-ақ жұртшылықты артық ас әзірлемеуге, оны қоқысқа тастамауға шақырады.

БҰҰ әлемде жыл сайын 4 миллиард тонна азық-түлік шығарылатындығын, егер тиімді бөлінсе және орынды пайдаланылса, мұның ғаламшардың барлық тұрғындарына жететіндігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар