Әлемде коронавирустың таралу деңгейі күрт артып, Оңтүстік Кореяда екінші толқыны басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. BBC - ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәуліктерде әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелгендігін хабарлады.

Бұл туралы ҚазАқпарат bbc.com агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде қауіпті вирусты жұқтырды деген 183 мың диагноз қойылған. Оның 50 мыңнан астамы Бразилияға тиесілі.

Оңтүстік Корея вирустың таралуының екінші толқыны басталғанын мәлім етті. Ал Новак Джокович ұйымдастырған теннис турнирінде бірнеше спортшы мен бапкер ауырған.

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлем бойынша Covid-19 вирусын жұқтырған адамдар саны 9 млн-нан асты, 470 мың адам осы індеттен көз жұмған. Сондай-ақ 4,4 млн адам коронавирустан емделіп шықты.


Соңғы жаңалықтар