Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 66,5 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 66,5 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 6 желтоқсан, сағат 11.26-дағы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус 66 млн 540 мың 34 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 528 мың 868 науқас.

Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:

АҚШ - 14 581 337

Үндістан – 9 644 222

Бразилия – 6 577 177

Ресей – 2 410 462

Франция – 2 334 626

Ұлыбритания –1 710 379

Италия – 1 709 991

Испания – 1 684 647

Аргентина – 1 459 832

Колумбия – 1 362 249

Германия - 1 183 640

Мексика – 1 168 395

Польша - 1 054 273

Иран – 1 028 986

Перу – 970 860

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 5 желтоқсан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 65 млн 257 мың 767 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 513 мың 179 науқас.

Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 136 мың 271 адамнан анықталды. Оның ішінде 120 мың 178-і жазылып шықса, 2034 науқас қайтыс болды.



Соңғы жаңалықтар