Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 42,5 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 25 қазан, сағат 09.24-тегі мәліметтер бойынша, әлем елдерінде коронавирус 42 млн 532 мың 198 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 148 мың 943 науқас.

Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:

АҚШ - 8 575 069

Үндістан – 7 814 682

Бразилия – 5 380 635

Ресей – 1 487 260

Франция – 1 084 659

Аргентина – 1 081 336

Испания – 1 046 132

Колумбия – 1 007 711

Мексика – 886 800

Перу – 883 116

Ұлыбритания –857 043

Оңтүстік Африка Республикасы – 714 246

Иран – 562 705

Италия – 504 509

Чили – 500 542

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 24 қазан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 42 млн 055 мың 863 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 141 мың 567 науқас.

Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 110 мың 402 адамнан анықталды. Оның ішінде 105 мың 618-і жазылып шықса, 1796-сы қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар