Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 2 миллионға жуықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 1 998 111 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Барлығы науқастар - 1 998 111 адам, қайтыс болғандар - 126 604 адам және жазылып шыққандар 478 659 адам», - делінген мәліметте.

Коронавирус індеті ең көп анықталған мемлекет – АҚШ. Мұнда науқастар саны – 613 886, қайтыс болғандар – 26 947, жазылғандар – 38 820

Одан кейін:

Испания (науқастар174060 / жазылғандар 18255 / көз жұмғандар 67504),

Италия (162488 / 21067 / 37130),

Франция (143303 / 15729 / 28805),

Германия (132210 / 3495 / 68200),

Ұлыбритания (93873 / 12107 / 323),

Қытай (82295 / 3342 / 77816),

Иран (74877 / 4683 / 48129),

Түркия (65111 / 1403 / 4799),

Бельгия (31119 / 4157 / 6868) тұр.

Ал ТМД елдері арасында COVID-19 індетін ең көп жұқтырғандар Ресейде анықталды. Мұнда науқастар саны – 21102, қайтыс болғандар – 170, емделіп шыққандар – 1694 адам.

Одан кейін:

Украина (науқастар 3372 / қайтыс болды 98 / жазылды 119),

Беларусь (3281 / 33 / 203),

Молдавия (1934 / 40 / 134),

Қазақстан (1232 / 14 / 203),

Әзербайжан (1197 / 13 / 351),

Өзбекстан (1165 / 4 / 99),

Армения (1067 / 16 / 265),

Қырғызстан (430 / 5 / 71),

Грузия (300 / 3 / 69) орналасқан.


Соңғы жаңалықтар