Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың рекорд саны тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

6 қыркүйекте, жексенбі күні Джон Хопкинс университетінің жүргізген әлемдік статистикасына сәйкес 24 сағат ішінде 304 626 инфекция жұқтырушы тіркелген. Бұған дейін осындай рекорд көрсеткіш 14 тамызда тіркелген, сол күні 304 351 науқас тіркелген.

Алайда соңғы тәулікте вирустан көз жұмғандар саны екі есеге жуық азайған. 14 тамызда 10 135 вирус жұқтырған сырқат қайтыс болса, соңғы 24 сағат ішінде әлемде 5 637 адам өлген.

Індет басталғаннан бері 26 882 530 адам (материал шыққан кездегі мәлімет) вирус жұқтырса, 879 580 адам COVID-19-дан көз жұмған.

Өлім деректері АҚШ-та көп тіркелген, 6,2 млн адам коронавирус анықталса, 188,5 адам көз жұмған. Екінші орында Бразилия тұр, онда 4,1 млн жұқтыру дерегі тіркелсе, 126,2 адам көз жұмған. Үшінші орында - Үндістан. Онда вирус жұқтырушы 4,1 млн адам тіркеліп, 70,6 мың сырқат қайтыс болған. Алайда Үндістанда күн сайын ауырғандар саны күрт өскен.


Соңғы жаңалықтар