Әлемде автокөліктерге кибершабуыл жиілеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы әлем бойынша автокөліктерге 150 кибершабуыл жасалған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады ҚазАқпарат AFP агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа автокөліктер хакерлердің құрбанына айнала бастады. Мұның себебі - қазіргі таңда автокөлік қозғалатын мобильді компьютерге айналып бара жатыр. Ал кибершабуыл мүмкіндігінің артуы жол қозғалысына қауіп төндіреді», деп жазады басылым.

Израильдің GuardKnox киберқауіпсіздік компаниясы осы аптада Лас Вегаста өткен Consumer Electronics көрмесінде жаңа автокөліктерде орналасқан компьютер чиптерін, мобильді технологиялар мен датчиктерді хакерлер басқа мақсатта пайдалана алатынын айтты.

Автокөліктердің киберқауіпсіздігі бойынша кеңес мүшелері де қазіргі таңда автокөлік құрастыру саласында киберқауіпсіздікті баса назарға алу керектігін айтады.

«Бүгінгі таңда автокөліктің әр деталі киберқауіпсіздікті ескере отырып жасалуы тиіс. Мысалы, белгілі бір автокөлік моделін бір мезгілде қашықтықтан тоқтатудың өзі үлкен апатқа айналуы мүмкін» дейді олар.

Соңғы жаңалықтар