Әлемде 62,8 млн адам коронавирус жұқтырған

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Америкалық Moderna Inc компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинасына лицензия күтуде, Энтони Фаучи АҚШ-та індет қайта белең алатынын болжауда, Британия Рождество кезінде дүкендердің жұмыс уақытын ұзартуды жоспарлауда. ҚазАқпарат қауіпті вирусқа қатысты әлемдегі жағдайды ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 62,7 млн адамнан асып жығылды, 1,4 млн адам қайтыс болды, 40,2 млн науқас жазылды.

Moderna Inc компаниясы өзінің mRNA-1273 эксперименталды вакцинасына лицензия алу үшін АҚШ пен Еуропаға өтінім жіберді. Басты талап – вакцина тиімді әрі қаупсіз болуы тиіс. Бұған дейін Moderna Inc компаниясы тестілеудің қорытынды кезеңінде вакцина 94,5% тиімділігін көрсеткенін мәлім етті. Клиникалық сынаққа 30 мың ерікті қатысқан, олардың арасында тәуекел тобындағы қарит адамдар болған. Нақты вакцина 15 мың адамға салынған және олардың тек 11-і ғана коронавирус жұқтырып, оны жеңіл түрде өткізген. Еріктілердің қалған бөлігі плацебо қабылдаған, олардың арасында тек 185-інде Covid-19 анықталды. Сырқат көбісінде ауыр өткен.

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеген тағы бір компания – Pfizer лицензия алцу үшін АҚГШ-қа өтінім жіберіп қойған. Бұдан бөлек, Американың құзырлы органы AstraZenca компаниясы Оксфорд университетінің ғалымдарымен бірлесіп әзірлеген вакцинаны да қарастыруда.

Ресей де ойлап тапқан «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынағының нәтижесін күтуде.

Еуропадағы соңғы жаңалықтар

Италия Үкіметі коронавирустың екінші толқықына орай 8 млрд еуро көлемінде бизнеске көмек пакетін әзірледі. Дүйсенбі күні бизнеске қолдауы туралы Канада да жария етпек. Онымен бір мезгілде, Германияның Экономика министрі Питер Алтмайердің айтуынша, үкімет компанияларды субсидиялауды жалғастыра бере алмайды және вирусқа тосқауыл қою үшін адамдардың өздері анағұрлым көбірек күш салуы керек.

Ал Ұлыбритания рождестволық мерекелерге байлапнысты дүкендердің жұмыс уақытын ұзартпақ. Және бұл рұқсат қаңтар айының соңына дейін сақталады. 2 желтоқсан күні аталмыш ел екінші локдауннан шығады. Дегенмен, түрлі шектеу шаралары мемлекеттің барлық аумағында сақталады.

Франция үкіметі жанындағы ғылыми кеңес елге вакциналардың алғашқы дозасы жеиткізілген бойда оларды қарттар үйлерінің тұрғындарына салуға кеңес беріп отыр.

АҚШ: Өкінішке алып келген мереке

АҚШ-тың бас эпидемиологы Энтони Фаучи Алғыс айту күніне орай америкалықтардың каникулдық сапарларынан кейін елде коронавирусты жұқтырушылар саны күрт артуы мүмкін деп есептейді. Дәстүрлі түрде аталмыш мерекеден кейінгі апта ел ішінде қарбаласқа толы болады. былтыр осы уақытта Америка қалаларының әуежайларынан 26 млн-ға жуық жолаушы ұшқан. Биыл дәрігерлер америкалықтарды меркені үйде атап өтуге кеңес бергенімен, өткен аптада әуежайларда наурыз айынан бергі ең көп жолаушы – 1 млн адам тіркелді.

АҚШ-та пандемия басталғалы 13 млн адам сырқаттанды, 266 мыңы қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар