Әлем халқының 12,2 миллионнан астамы коронавирус жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат – Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 12,2 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университетінің 10 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 барлығы 12 млн 230 мың 251 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 554 291 науқас.

Індетті жұқтырғандар саны ең көп 10 елдің тізімі:

АҚШ – 3 112 252

Бразилия – 1 755 779

Үндістан – 767 296

Ресей – 706 240

Перу – 316 448

Чили – 306 216

Ұлыбритания – 289 154

Мексика – 282 283

Испания – 253 056

Иран – 250 458

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында мәліметтер 9 шілде, сағат 14.48-де жаңаланған. Оған сәйкес, әлемде COVID-19 індеті 11 874 226 адамнан анықталған. Қайтыс болды – 545 481 науқас.

Осы уақытта Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны - 54747. Оның ішінде жазылып шықты – 31 277, қайтыс болды – 264 науқас.



Соңғы жаңалықтар