Әлем чемпионы Крис Юбэнк Головкинді жекпе-жекке шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы кіші Крис Юбэнк Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке шығуды армандайды, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аты аңызға айналған кіші Рой Джонстың басшылығымен жаттығып жүрген британдық боксшы жақында немістің Team Sauerland промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойып, соның көмегімен мансабында көтерілуге ниетті.

«Бітпеген істі аяқтайтын кез келді. Промоутерлерім мен бас тарта алмайтын ұсыныс жасады. Қазіргі кезде нағыз бабымдамын және нөмірі бірінші үміткер болып тұрмын. Жаңа жаттықтырушым, жаңа промоутерім бар, бұл өз жемісін береді. Мен рингте Головкинмен шығуды қалаймын», - деп мәлімдеді британдық боксшы The Independent-ке берген сұхбатында.

Юбэнктің промоутері Калле Зауэрланд қарамағындағы спортшының 2021 жылы жекпе-жектерінің кестесін жоспарлап, бұл тізімге GGG-мен айқасты кіргізуге үміттеніп отыр.

«Юбэнк рингке сәуір айында, одан кейін жазда және жылдың соңында шығады. Біздің жоспарымыз осы. Біз Головкин және Келл Брукпен жұдырықтасуды көздеп отырмыз – бұл тамаша жекпе-жек болар еді», - деп қосты ол.


Соңғы жаңалықтар