Әлем барысы: Қазақстандық балуан жарыс жолынан шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем барысы-2018» чемпионатында Қазақстан намысын қорғап жатқан бес балуанның бірі - Руслан Әбдіразақов жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

125 келілік Руслан ирандық балуан Жафар Пахлеванижагхаргхпен кездесті. Ирандықтың бойы - 1,90 см, салмағы - 156 келі. Ол қазақстандық қарсыласынан мықты екенін дәлелдеп бақты. Кездесу алдында қарсыластар бір-бірден ескерту алды. Руслан Әбдіразақовқа сылбырлығы, ал ирандық балуанға күрес кезінде шынтағын қолданғаны үшін ескерту жасалды. Алайда, ирандық балуан ұрымтал сәттердің бірінде бір ұпаймен алға шығуға мүмкіндік алды. Уақыт жағынан ыңғайсыз күйде қалған Русланға жағдайды өзгерту міндеттелді. Дегенмен, отандасымыз аз уақыттың ішінде есепті теңестіре алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, 24 жастағы Жафар Пахлеванижагхаргх өзбек күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Еске сала кетсек, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: vk.com/kazak_kuresy

Соңғы жаңалықтар