Әлем балалар көзімен: Үндістанда ерекше балалардың сурет көрмесі ұйымдастырылды

ХАЙДАРАБАД. ҚазАқпарат – «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі ерекше қажеттілігі бар балалардың «Әлем балалар көзімен» атты сурет экспозициясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сенсек, өткен жылы «Аялаған алақан» қоры Қазақстанның барлық өңірінде осындай көрмелер өткізген болатын.
2021 жылы аталған қор Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелердің қолдауымен әлемнің түрлі елдерінде көрмелер өткізуді жоспарлап отыр.
Осылайша, Үндістан бұл іс-шараны өткізген алғашқы елдердің бірі болды.
Қордың жетекшісі Рада Хайрушева - жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсеткені үшін ұлттық премиялардың лауреаты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, сондай-ақ «Тәуелсіздік балалары» бастамасын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Елшілігі жыл бойы осы айтулы оқиғаға арналған түрлі іс-шараларды Делиде және Үндістанның басқа да қалаларында өткізетін болады.
Қазақстандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешім қабылдағанын айта кеткен жөн.
«Бұл - өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді», - деген ол осы орйда..
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысу үшін Хайдерабад қаласына барған болатын. Іс-шара аясында қазақстандық дипломат өңірдің ресми тұлғаларымен, бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстанның қалыптасуы мен елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуы туралы хабардар етті.
- Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады
- Әзербайжанның Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» өтуде
- Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
-
Асқар Мамин Байқоңырда «Роскосмос» басшысы Дмирий Рогозинмен кездесті
-
Тбилисиде грузин тілінде басылған Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам