Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде шамамен 4 млн вакцина дозасы қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 547 363 адам екпе алды. Бұл екпе алуға жататын халықтың 25,7 пайызын құрайды. Ал екінші компонентпен 1 435 334 адам қамтылды», - деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, бүгінде екпе пункттерінде вакцинаның жеткізілікті дозасы, атап айтқанда 1-компоненттің шамамен 1,2 млн, 2-компнентінің 914 мың дозасы бар.

«1-компонентпен вакцинациялаумен қамтудағы ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында 13,2, Қостанай облысында 19,5 пайызды, ал 2-компонентпен ең төменгі қамту Маңғыстау облысында 7,3 пайызды құрайды. Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алып, халықты қосымша ынталандыру жетіктерін арттыруы және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар